Алматыда қар шығару жұмыстарын бақылау үшін кезекшілік ұйымдастырылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түнгі уақытта 412 бірлік арнайы техника мен 265 жұмысшы жұмылдыру жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қар шығару жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда 26 қаңтарда 04:00-ден 12:00-ге дейін 3 см қар жауды.

Қар жауғанға дейін негізгі негізгі магистральдық көшелер реагенттермен өңделіп, сағат 05.00-тен бері 640 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды.

Тротуарлар мен жалпы пайдалану орындары, қоғамдық көлік аялдамалары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде қар қолмен күрелді.

Жол полициясымен бірге 10 колонна көлік қарды күреді. 458 арнайы техника, атап айтқанда 153 құм таратқыш, 169 тротуар тазалағыш шағын техника, 45 қар тиегіш, 69 өзі түсіргіш жүк көлігі және 1224 жұмысшы жұмылдырылды. 17 қаңтарда соңғы жауған қардан кейін сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 90 мың м3 қар шығарылды.

Түнгі уақытта 412 бірлік арнайы техника мен 265 жұмысшы жұмылдыру жоспарланған. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылды.

Дереккөз: Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Новости партнеров