Қарағандыда төңкеріліп кеткен батуттың астында қалған екі бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша жағдайлары әлі де ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Естеріңізде болса, 25-мамыр күні қаланың Орталық саябағында ауа райының қолайсыздығына байланысты көтерілген қатты жел үрмелі батутты аударып тастаған болатын. Соның салдарынан оқиға орнында 11 жастағы бала тіл тартпай кеткен еді. Қазір батутты заңсыз орнатқан адам қамауға алынды.
«Бала өліміне әкеліп соққан үрмелі батутты қолданысқа енгізген Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны «сауық нысанын заңсыз әрі талапқа сай орналастырмағаны» үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу барысы Қарағанды облысы Полиция департаментінің және прокуратурасы басшылығының бақылауында», – дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай СЕМБЕКОВ.