Ал, жеке кәсіп ашуды жоспарласа 15 млн. теңгеге дейін микронесиелер алуына мүмкіндік бар
Алматылық көпбалалы аналар жаңа кәсіптерге оқытып жатыр. Қысқа мерзімді курстардан шаштараз, визажист және тігінші сынды 68 мамандық бойынша дайындықтан өтуге болады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалпы «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде қалада жұмыссыз 1075 ананы оқыту көзделуде. Курстар 6 айға дейін созылады. Осы мерзімде аталмыш бағдарламаға қатысушыларға айына 16 500 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.
«Ал, курстар аяқталған соң көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға 500 мың теңге көлемінде өтеусіз гранттар беріледі. Бұл қаржыға олар меңгерген мамандығы бойынша қажетті құрал-саймандарын сатып алып, өз бетінше жұмыс істей алады. Ал, жеке кәсіп ашуды жоспарласа 15 млн. теңгеге дейін микронесиелер алуына мүмкіндік бар», - дейді Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Диляра ИМАНҚҰЛОВА.