Мақсат – алып мегаполистің экологиялық жағдайын жақсартып, шаһар тазалығын сақтау
Алматыда экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған суретшілер көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Медеу ауданындағы комьюнити орталығының өнер алаңында ұйымдастырылған мәдени іс-шараға жас қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды. Мақсат – алып мегаполистің экологиялық жағдайын жақсартып, шаһар тазалығын сақтау.
«Мұндай көрменің басты міндеті – қоғамда өзекті боп отырған экология мәселесін көтеру. Күнделікті мегаполисте жүріп, көп жағдайға куә болып жатамыз. Адамның денсаулығы, қоршаған ортаның ахуалын да білеміз. Сондықтан экологияның жайы біз үшін маңызды», – деді көрме ұйымдастырушысы Дильшат Гарипов.
Оқи отырыңыз: «Алматы жазы» науқаны аясында қоқыс алаңдары зарарсыздандырылады