Бас дәрігердің айтуынша, дәрі жеткілікті
Екібастұздағы жағдайды Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та бақылауында ұстап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанның бас дәрігері апат болған күннен бастап ауыр халдегі пациенттер, жаңа туған сәбилер мен психиатриялық бөлімнің науқастары Павлодар қаласына эвакуацияланғанын айтты. Оның айтуынша, 2 сағат сайын Екібастұздағы жағдайдан хабар алып тұрады.
«Дәрілер жеткілікті. Министрлік тарапынан қосымша препараттар сұратылған жоқ. Ол жақтағы әріптестеріміз мәселені өздері шешіп жатыр. Егер көмек керек болса, біз дайынбыз. Бейнебақылау камерасы арқылы да бақылап, көріп отырамыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.