Әскерилердің пәтер ақысына бөлінетін ақша отбасының кіріс көзіне саналмауы керек - Гүлмира ИСИМБАЕВА

07.05.2019 00:48

Әскери қызметкерлердің ай сайынғы пәтер ақысы үшін төленетін ақша отбасының кіріс көзіне саналмауы керек. Көпбалалы аналармен кездескен Парламент Мәжілісінің вице-спикері бүгінде бұл ақша кіріс көзі деп қаралғандықтан, атаулы әлеуметтік көмек алуға кедергі келтіріп тұрғанын айтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жалпы бүгінде 31 725  көпбалалы отбасы кезекте тұр. Солардың бәрін 2025 жылға дейін толық үймен қамтуға мүмкіндік бар. Осы мақсатта алдағы 7 жылға бюджеттен 350 миллиард теңге қарастырылған, ол – жыл сайын 50 миллиардтан бөлінеді. Салынған үйлер де бар», – дейді  ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира ИСИМБАЕВА.  

Елді аралап, тұрғындармен кездесіп жүрген мәжілісмендер халықтың мұң-мұқтажын бірден шешіп бере алмасақ та, жиналған сұрақтарды арнайы ведомстволарға жібереміз дейді. Сондай-ақ осы сапарларында азаматтық қабылдау өткізген депутаттар тұрғындарға құқықтық кеңес берді.

«Жергілікті жерден шешетін мәселе болса, біз оны әкімшілікке жібереміз. Партия тарапынан да халыққа жауап беруіміз керек. Себебі қабылдау болғанан кейін, жауапкершілік болады. Көлемі жағынан республикалық деңгейде  шешілетін мәселе болса, ол жағынан да қарастырамыз», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр МӘКЕН.