|
26.04.2023 | 19:51
527

Алматыда Қали Сәрсенбайдың кітабының тұсауы кесілді

Туындылар жазушының «Тұлғатану» сериясымен жарық көріп отырған жетінші, сегізінші кітабы

Алматыда Қали Сәрсенбайдың кітабының тұсауы кесілді Алматы телеарнасы

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты Қали Сәрсенбайдың екі бірдей кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туындылар жазушының «Тұлғатану» сериясымен жарық көріп отырған жетінші, сегізінші кітабы. Оның бірі кәсіби журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанболат Аупбаевқа арналады.

«Журналист – өмір барлаушысы, журналистика – өмір мектебі» деген кітап. Осы Жанболат Аупбаевпен жүргізілген сұхбаттарға арналған, Жанболат Аупбаев жөніндегі 1001-мақала деген эссемен аяқталады. Кітаптың негізгі мақсаты жалпы қазақ баспасөзіндегі классикадағы тұлғалар жөнінде, олардың тағылымы, тәжірибесі, олардан алған тәрбие, жалпы ұлт баспасөзіндегі қызықты деректер, оқиғалар, көп жағдайлар баяндалады», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбай.

Ал екінші кітап КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты және Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімұлына арналған. Бұған дейін де Қали Сәрсенбайдың аңыз адам жайында жазған тағы бір туындысы жарық көрген еді. Ал кезекті кітапта даңқты тұлғаның өмірбаяны толықтырылып, тосын қырлары мен сырлары еңбекке арқау болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир