Арна көрермендері дүйсенбіден бастап шытырман оқиғаға толы телетуындыны тамашалай алады
Жақсылық пен махаббат бәрін жеңеді. «Алматы» телеарнасында су жаңа телехикая көрермендерге жол тартады. Арна көрермендері дүйсенбіден бастап шытырман оқиғаға толы телетуындыны тамашалай алады.
Онда қос ғашықтың басынан өткені баяндалады. Бұл оқиға Эгей провинциясында орналасқан кішкентай ауылдың лицейінен басталады. Онда хирург Али Асаф басты рөлдегі кішкентай Эйлюльге дәрігер болуға көмектеседі. Көптеген жылдар өткен соң, олар Стамбулда ең танымал ауруханалардың бірінде қайта кездеседі.
Түркияның ең танымал актерлері ойнайтын «Сердцебиение» телесериалы дүйсенбіден, яғни 1 маусымнан бастап кешкі сағат 21-00-де эфирге шығады. Күтпеген жағдайларға тап болатын қайсар қыздың өмірі туралы телетуындыны өткізіп алмаңыз.