«Бақытты отбасы» бағдарламасына 51 миллиард теңге бөлінді

25.05.2022 00:54

1 маусымда өтінім қабылдау жоспарланып отыр

Almaty.tv

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысатын адамдардың саны артты. Бұл жөнінде Орталық комммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір бұл бағдарлама аясында үш санатқа кіретін адамдар баспана ала алады. Олар – көпбалалы, толық емес және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар. Енді алдағы уақытта жетім және I-II топтағы мүгедек жандар да қатысуға мүмкіндік алады. Биыл «Бақытты отбасына» 51 миллиард теңге бөлінген. Осы ақшаға шамамен 5 000 адамға 2 проценттік ипотека беріледі.

«Биыл біз «Бақытты отбасы» бағдарламасын шамамен 15 маусымда бастаймыз. 1 маусымда өтінім қабылдауды іске қосамыз деп жоспарлағанбыз. Бірақ бүгінде тұрғын үй төлемдерін субсидиялау жобасын аяқтау қажет. Сондықтан «Бақытты отбасы» бағдарламасын шегеруге шешім қабылдадық», – деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.