Карантин: Елордалықтар үйсіз-күйсіз жүрген, көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созуда

27.03.2020 00:54

Қазіргі жағдай адамдардың нағыз адамгершілігі сыналытын уақыт

Фото: ашық дереккөз

Халықтың қуаты – бірлікте! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жаймашуақ күнде жарияланған төтенше жағдайда қазақстандықтар бір-біріне қолдау көрсетуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үйсіз-күйсіз жүрген, көмекке мұқтаж жандарға көшелерде азық-түлік қалдырып кетіп жатыр. Елорда тұрғыны Виктор Кодуа жұртшылықтың мұндай игілікті іске жұмыла кіріскенін әлеуметтік желілерден көріпті. Акциядан қалыс қалмай, өзі де қатысуға асығыпты. Қазіргі жағдай адамдардың нағыз адамгершілігі сыналытын уақыт дейді ол.

«Инстаграммнан көрдім және өте құптарлық іс деп санаймын. Осындай қиын шақта адамдар бір-біріне көмектесі керек. Жаратқанның алдында барлығымыз бірміз ғой. Байсың ба, кедейсің бе қауіпті кесел келгенде көмек көрсету – адамдық парызымыз. Қазір адамдардың бір-біріне мейрім танытып, қол ұшын беріп жатқаны сезіледі.  Үйден шықпау керек деген тәртіпке де бағынып жатыр. Бұл дұрыс шешім», – деді қала тұрғыны Виктор КОДУА.