Туабітті ауруы шалдыққан бүлдіршін көмекке зәру

11.11.2022 00:54

Жасы 1-ден 6 ай асқан балақай өздігінен жүре алмайды, еңбектеуден де қалған

Туабітті ауруы шалдыққан бүлдіршін көмекке зәру, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Томирис Қайраттың қазір дене жетілуі жасына сай емес. Қызуы түспей, қол-аяғы құрысып қалады.

Жасы 1-ден 6 ай асқан балақай өздігінен жүре алмайды, еңбектеуден де қалған. Дүниеге келген алғашқы сәтінен бастап-ақ өмір үшін күрескен бүлдіршіннің бойынан эпилепсияның белгілері де байқалады.

«Алғашында бәрі жақсы еді. Қызымның ұйқысы, тамағы да дұрыс болатын. Кейіннен тамақ ішіп отырып, шашала беретінін байқадым. Жұту рефлексі бұзылды. Бірте-бірте жағдайы да нашарлай берді», – деді Томиристің анасы Зарина Исағожаева.

Невропатологтың айтуынша, баланың бұлшық еті әлсіз. Басы да 5 сантиметрге өсіпті.

«Қай жерін емдейтінін білмей жатырмыз. Бір жері жақсы болса, қайтадан басқа жері ауырып қалады. Әр дәрігер әртүрлі диагноз айтады.  Диагнозды білдік десек, ертеңінде басқаша ауырады да, басқа дәрігерге баруға тура келеді», – деді Томиристің әжесі Күләнда Сейітқазиева.

«Зәрі бүйрегіне құйылып жатыр. Дәрігерлер несеп жүйесін емдеуге келмейтінін айтты. Ота жасауға да жарамайды. Қызымның өмір бойы бұлай қиналатынын ойлаған сайын жаным ауырады», – деді Томиристің анасы Зарина Исағожаева

Томиристің денсаулығынан 5 кінәрат анықталған. Иммундық жүйенің ағзаны инфекциядан қорғай алмайтыны тағы бар.

«Баланың орталық жүйке жүйесіне туабітті зақым келген. Бірінші дәрежелі ішкі асқазан-ішек жүйесінде қан кетіп дүниеге келгендіктен, оның салдары да болады. Қазір Томириске тиісінше көмек көрсетіп, керек-жарақпен қамтамасыз етіп отырмыз», – деді жекеменшік медициналық орталықтың емдеу-профилактикалық бөлімшенің меңгерушісіт Ұлболсын Малғараева.

Қыздың ем-домына 15 миллион теңге керек. Көп қатарлы отбасы үшін әрине, аз сома емес. Елден еміне каржы сұраған бүлдіршіннің реквизит нөмірін төменге қалдырдық.

Мадина Оқас, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы