|
08.02.2019 | 19:56
2402

Мерейтой: Орталық құжаттама архивіне 45 жыл толды

Мерейтой: Орталық құжаттама архивіне 45 жыл толды

Биыл Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің құрылғанына 45 жыл, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жарты ғасырға жуық жұмыс істеп келе жатқан мекемеде 205 мыңнан астам қор бар. Көбі Алматыдағы тарихи ғимараттардың сызбасы мен салыну жобасына арналған. Қазақтың сәулет құрылысы, өнері, кино саласы мен ғалым-ағартушылары сынды көптеген мәліметтерді жинау тек сандармен аяқталмайды.

Алдағы уақытта «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында «Архив-2025» бағдарламасының алғышарттарын жүзеге асыру үшін шетелдерден де мәліметтерді алдырылмақ. Архив директорының айтуынша, әзірге Қырғыз Республикасымен ғана келісім бар. Жүзеге асыратын жоспарларды пысықтауға арналған бүгінгі дөңгелек үстел барысында Алматы тарихы туралы кітаптың тұсаукесері де болды. 

«Бүгінгі тұсаукесері өткен жинағымызда Алматы қаласының мәдени нысандарына айрықша көңіл бөлінді. Сондай-ақ, онда жаңадан қосылған 144 құжат жарық көрді. Оның ішінде, көптеген ғимарат нысандарының бастапқы жобаларының басқаша болғанын көруге болады», – деді Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян ЖҰМАТАЕВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир