Елдің 15 аймағында гуманитарлық көмек жинау орталығы ашылды
Сын сағатта дүйім жұрттың басына түскен қиындық кім-кімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Билік басындағылардан бастап, кәсіпкерлер, алпауыт компаниялар, тіпті қарапайым ел-жұрттың өзі қолынан келген көмегін аяп жатқан жоқ. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыла атқарған істің арқасында қауіп сейілді.
Су тасқыны басталған сәттен бастап алматылықтар және еріктілер жан-жаққа дереу аттанып, көмек қолын созды.
Сондай-ақ тікұшақ тізгіндеген ұшқыштар ерен еңбек етті. Асқан шеберлігінің арқасында су үстінде түрлі манёвр жасап, 300-ге жуық адамның өмірін аман алып қалған батырлардың бірі – Бейбарыс Ыбыраев жайында тікелей эфирде өткен «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафонының шығарылымынан көре аласыздар.