Кәсіпкер мен компания арасында медиативтік келісім жасалмаған
Астанада кәсіпкер 7 жылдан бері заңды түрде сатып алған коммерциялық нысанын ала алмай жүр. 2016 жылы бас қаладағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінен 500 шаршы метрге жуық ғимарат алған азамат әлі күнге дейін бизнесін бастамаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған кешенді салған құрылыс компаниясының басшысы сотталып кеткен. Содан кейін, 90 пайыз дайын болған үй құрылыс компаниялардың біріне өткен. Кәсіпкер мен компания арасында медиативтік келісім жасалмаған.
– «Елорда құрылыстың» қарамағына өткеннен кейін нысанды өз атымызға рәсімдеуге барсақ, «Елорда құрылыс» сатып алған дүниеңіз заңсыз деді. Бізде медиативтік келісім бар. Сотқа арыз жаздық, – деді кәсіпкер Уәлихан Ерғалиев.
Ал құрылыс компаниясының баспасөз қызметі «Шығыс» тұрғын үй кешенінің сотталып кеткен иесінен пәтерді арзан сатып алған адамдардың келісімшарты тексерілгенін жеткізді. Олардың айтуынша, әлгі кәсіпкердің құжаты да күмәнді келісімшарт тізіміне енген.
– Жауапты орган Уәлихан Ерғалиев пен оның қызының келісімшартын жарамсыз ету бойынша сотқа шағымданған. Аталған азаматтар бірнеше рет «Елорда құрылыс компаниясына» келген. Оларға түсіндірме жұмысы жүргізілді. Соттың шешімімен ең әуелгі келісімшарт жарамсыз болды. Одан кейінгі құжат та жарамсыз болып қала береді, – деді «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС баспасөз қызметі Жанетта Әбділдина.