|
15.04.2021 | 19:58
4849

Жамбыл облысында ауылдарды газбен қамту ауқымды мәселеге айналды

Газ магистралі өтіп жатқан ауылға көгілдір отын кіргізуге жергілікті билік қауқарсыз

Жамбыл облысында ауылдарды газбен қамту ауқымды мәселеге айналды

Жамбыл облысында ауылдарды газбен қамту ауқымды мәселеге айналып отыр. Тіпті, маңынан газ магистралі өтіп жатқан ауылға көгілдір отын кіргізуге жергілікті билік қауқарсыз. Соңғы 15 жылдан бері ауылдықтардың сұрауын аудан бигілі неге қанағаттандыра алмай отыр? Алыстағы ағайынмен тілдесіп қайтқан Almaty.tv тілшісі Мерей Бает баяндасын.

Үш мың тұрғыны бар Талас ауданындағы Майтөбелік жұртшылықтың сұрауы көгілдір отыр. Ауыл маңынан газ магистралі өтіп жатса да, сан жыл бойы қараша қиналып қатты отынды жағуға мәжбүр. Тұрғындар таяқ тастам жердегі құбырға неге қосыла алмай отырғанын білмейді. Ауданнан сұраса, әне-міне боладымен осы күнге дейін жеткен.

«Мынау Талас ауданында біз-ақ қалдық газсыз. Сол жері жаман. Барлық әкімдер кедеді. Қанша әкім ауысты мен 80-ге келгенше. Уәде береді. Алыстағыларға газ кіреді, бізге кірмейді», – деді ауыл тұрғыны Жүрсін Жазықбаев.  

«Осы тоғыз жолдың торабында тұрған біздің ауылға газ келмей жатыр. Оның үстіне газды қанша айтамыз. Ауылда жиналыс болған сайын, жылдық есеп болған сайын айтылады. Ол уәде беріледі. Уәдеде тұрмайды қалады сол күйде», – деді ауыл тұрғыны Ерғали Сүбәлиев.

Көмір жағып күн көрген жұрт, тонналап қатты отынды сатып алуға мәжбүр. Мәселен, қыста орта есеппен 6-10 тонна жағатын халық, бір маусымға кемінде 150 мың  теңге жұмсайды. Жұмысы жоқ ауылдықтар үшін бұл кәдімгідей қалтаға салмақ, дейді мұндағылар. Ал, аудан басшылығы көз алдында өтіп жатқан көгілдір отынға қосылудың жалғыз ғана проблемасы бар дейді. Ол - 870 млн теңге. Аталған ауқымды қаржыға аудан орталығынан газ станциясы салынса, бір емес бірнеше ауылдың мәселесі шешілгелі тұр.

«Жыл аяғына дейін сол АГС-тің құрылысы аяқталса. Енді биыл аяқталады, қаржы бөлінгеннен соң. Келесі жылдан бастап жоспарланады Майтөбе, Қаракемер, Қасқабұлақ, Есейхан, Көктал елдімекендеріне, 5 елдімекенге газ тарту мәселесі шешімін табады деген жоспарымыз бар», – деді Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов.

Аудан әкімінің айтуынша, жоғарыда айтылған қаржының 444 млн теңгесі бөлінген. Қалғаны қарастырлып жатқан көрінеді. Әкім айтқандай, қажетті станция биыл бітсе, алдағы жылдары 5 ауыл газға қол жеткізбек.

Мерей Бает, «Алматы» арнасы, Жамбыл облысынан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир