Экс-министр Темірхан Досмұхамбетов дүниеден өтті

02.11.2021 00:58

Темірхан Мыңайдарұлы сондай-ақ Астана қаласының әкімі, Мәжіліс депутаты, Президенттің іс басқарушысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметтерін атқарды

kapital.kz

Темірхан Досмұхамбетов 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Темірхан Мыңайдарұлы Туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі, Мәжіліс депутаты, Президенттің іс басқарушысы, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы қызметтерін атқарды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.

Темірхан Досмұхамбетов кейінірек «Байсерке-Агро» агрохолдингін басқарды.

1949 жылы 8 наурызда Қостанай облысында дүниеге келген.

ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының, мерейтойлық медальдардың, Халықтар достығы орденінің иегері.