|
22.06.2022 | 20:27
5058

Алматыда апатты жағдайда деп танылған 32 қоқыс үйіндісі бар

Мәліметті экология және қоршаған орта басқармасы ұсынып отыр

Алматыда апатты жағдайда деп танылған 32 қоқыс үйіндісі бар Almaty.tv

Алматыда апатты жағдайда деп танылған 32 қоқыс үйіндісі бар. Мұндай полигондарды заңсыз ұйымдастырғандарға 3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Мәліметті экология және қоршаған орта басқармасы ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жетісу ауданының аумағында үйінді заңсыз төгілген. Қоқыстың түр-түрі төгіліп жатқан аймақ өнеркәсіптік нысан саналады. Бірақ жердің иесі учаскені қоқыс полигоны ретінде жалға берген. Азаматқа аталған ісі үшін бірнеше мәрте айыппұл салынса да, әрекет қайталанып отыр. Тек «Қазақстан ғарыш сапары» геопорталы арқылы алынған деректер ғана апатты үйіндіні анықтауға көмектескен.

«Қоқыс әлі толық тазартылған жоқ. Талай рет түсіндірдік, керекті шараны да қолдандық. Нәтиже – осы. Әлі соңына жеткен жоқ», – деді Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Әлинұр Бәкенов.

Ал негізі контейнерлер мен апатты қоқыс аумағындағы заттың бәрі зауытқа жөнелтіліп, керекке жарайды. Одан соң, сортталған қоқыс тиеліп, өңдеу компанияларына жіберіледі. Көпшілік қолданатын синтетикалық бұйымның бәрі осы жерден шығады. Бұл ретте айта кету керек, мамандар аталған жұмысқа қажетті техниканың Италиядан келетінін айтады.

«Орта Азиядағы ең үлкен осындай іске жүзеге асырылған кешен деп айтсақ болады. Бұл кешеннің қуаттылығы 550 мың тоннадан асады», – деді консорциумның өкілі Саян Ақбалаев.

Қоқыстың көлемі үлкен болғанымен, оның тек 15 пайызы өңдеуге жарайды. Бұл көрсеткішті ұлғайту үшін мамандар қазір отын өндірісін қолға алуға ниетті. Егер жоба іске асса, жарамсыз қоқыстың саны 60 пайызға дейін қысқармақ.

Мадина Оқас, Дамир Анитов, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир