Алматыдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 45 адам тегін курстан өтті

19.08.2022 00:59

Олар өз ісін ашуға, қосымша табыс табуға мүмкіндік алды

Almaty.tv

Алматыдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында 45 адам киім пішу және мата тігу бойынша тегін курстан өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қолөнершілер бір ай бойы оқып, өз ісін ашуға және қосымша табыс табуға мүмкіндік алған. Қатысушылар алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрса деген ниет білдірді.

«Біз әр ана болашақта қайтарымсыз грантқа ие болса дейміз. Бізде 2 бағдарлама бар. Біріншісі, 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант алуға болады. Ал «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін қаражат алу мүмкіндігі бар», – деді Алатау ауданы «Бақытты отбасы» аналарды қолдау орталығының жетекшісі Ақмарал Басирова.