Карантин жарияланғаннан бері сатып алушылардың саны күрт азайған
Алматы қаласы мен облыс тұрғындары «Алтын орда» базарынан азық-түліктерді арнайы рұқсат етілген сары және қызыл қағаздар арқылы сатып ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай мүмкіндік Алматы маңындағы тұрғындары үшін бекеттер толық жабылғанға дейін жасалып отыр. Ал, базар әкімшілігі індетке байланысты ел азық-түлікті жаппай сатып алып жатса да жетіспеушілік жоқ дейді.
«Жылдағыдай тауардың сапасы да басқа жағы да төмендемеген. Жылдағыдай тауар жергілікті, сырттан түсіп жатыр. Тоқтатылған жоқ. Базар күнделікті тәулік бойы істейді. Себебін өздеріңіз білесіздер, Алтын орда базары бүкіл Алматы мен Алматы облысын азық-түлікпен қамтиды», – деді «Алтын орда» базары директорының көмекшісі Нұрлан СЫДЫҚОВ
Сондай-ақ базар өкілінің сөзінше карантин жарияланғаннан бері сатып алушылардың саны күрт азайған. Себебі әлеуметтік желілерде тараған қауесеттің кесірінен халық базар жұмысын тоқтатыпты деп ойлаған. Базарда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің барлық түрі бар. Күндіз-түні халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Санитарлық талаптарда қатаң бақылауда.
«Осыған орай біз күнделікті санитарлық тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Барлық сатушылар маска, қолғаппен қамтылған. Ол нәрсеге біз қатты қараймыз. Қала тұрғындарын және облыс тұрғындарын тауар өсіп кетті, тауар жоқ деп ондай әңгімеге сенбесін. Базар күнделікті істейді. Тәулік бойы істейді. Есігіміз ашық», – деді «Алтын орда» базары директорының көмекшісі Нұрлан СЫДЫҚОВ