|
04.08.2021 | 21:32
5581

Алматыға Талдықорғаннан ет пен күнбағыс майы сынды азық-түлік түрлері арзан бағада жеткізілмек

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Алматы облысындағы бірнеше кәсіпорындар мен ірі шаруа қожалықтарына барды

Алматыға Талдықорған қаласынан ет пен күнбағыс майы сынды әлеуметтік азық-түлік түрлері арзан бағада келетін болды. Бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Алматы облысындағы бірнеше кәсіпорындар мен ірі шаруа қожалықтарына барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сауда желілерінің өкілдерімен кездесіп, азық-түлік тауарларын төмен бағада жеткізу туралы мемарандумға қол қойды. Екі жақты келісім аясында Алматы қаласы республика бойынша баға тұрақтылығы жағынан 10-орыннан 19-орынға төмендемек.  

«Бұл ерекше бақылауда тұрған стратегиялық маңызды мәселе. Маусым айында біз көкөніс, қант, сүт және сүт өнімдерін, құс етін, жұмыртқа, макарон өнімдерін тікелей жеткізу бойынша келісімдер жасастық. Бүгін біз сиыр етін, май мен күрішті тікелей жеткізу туралы келісімге келдік. Қабылданған шаралар аясында шілде айының басынан бастап тұтыну бағалары индексі 0,7%-ға төмендемек», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.

Айта кетейік, Алматыда қазір 7 әлеуметтік базар жұмыс істеп тұр. Онда картоп, сәбіз, макарон, қант, күнбағыс майы мен қарақұмық сынды азық-түліктер нарықтық бағадан арзан сатылады. Одан бөлек, қала әкімдігі алдағы күндері еліміздің басқа өңірлерінен 22 мың тонна көкөніс жеткізетінін хабарлады.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир