2 тамызда eGov порталы уақытша жұмыс істемейді

01.08.2025 12:57

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі

charlesdeluvio/ /unsplash.com/

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік қызмет көрсететін сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Техникалық жұмыс 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00–ден сағат 06:00–ге дейін жүргізіледі. Бұл уақыт пайдаланушылардың ең төмен белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, яғни қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада. 

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі: 

* eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда); 
* e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
* Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервисі;
* Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
* Электрондық үкімет арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

"Осы орайда қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыс кезінде қажет болған жағдайда құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет, — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дан.

Оқи отырыңыз:  Шымкентте бопсалаумен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді