Қазақстанда 2 мыңнан астам бала қосымша жәрдемақы алады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 2 мыңнан астам бала қосымша жәрдемақы алады. 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған шара балалар сырқатының ауырлық дәрежесіне байланысты жәрдемақы мөлшерін сараланған түрде белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте жәрдемақы мөлшері 16,7 пайыздан 37%-пайызға дейін ұлғайтылмақшы. Жаңашылдық 31 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты болады.

«Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов.

Ал, Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау Заңмен реттелгенмен, іс жүзінде олардың құқықтарын жүзеге асыру барысында бірқатар проблемалар туындайтынын айты.

«Мүгедек адамдардың жұмысқа орналасуы да қиын іс. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілейді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева.

Новости партнеров