Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ
Нұр-Сұлтанда зәулім «Ұлыбритания кварталы» тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ІІМ ТЖК мәліметінше, 9 шілдеде 19:39-да Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД «101» кезекші пультіне Алматы ауданындағы Сарқырама көшесінің қиылысында орналасқан «Ұлыбритания кварталы» тұрғын үй кешенінің алтықабат үйлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
19:46-да бірінші өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан, жалын шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр болған.
Тұрғындар эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.