Қазақ полициясына 30 жыл: Алматы полициясы департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды

24.06.2022 в 01:01

Қазақ полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай Алматы полициясы департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар күн-түн демей қашанда ел мүддесін бәрінен биік қойып, ел тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Жиналғандарға лайықты құрмет көрсетілді.

«Қазақстандық полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтаймын. Өзімнің әріптестерімді де құттықтаймын. Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлеріне табыс тілеймін», – деді Полиция департаменті анықтау басқармасының аға анықтаушысы, полиция майоры Әсел Хайруллина.