Т.Рақымбеков Қазақ агротехникалық университет ұжымымен кездесті

Т.Рақымбеков Қазақ агротехникалық университет ұжымымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығын дамытамыз десек аграрлық ғылымға қаржы құю қажет. Әсіресе, жас мамандардың бастамалары қағаз күйінде қалып қоймай, үлкен өндірістерде қолданысқа енгені дұрыс. Осы ұстанымды негізге алған Президенттіккке үміткер Төлеутай Рақымбеков елордадағы Қазақ агротехникалық университет ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі .

Өйткені, бұл жерде тек ауыл шаруашылығы мамандарын даярлап қана қоймай, салаға қажетті озық ғылыми жобалар жасалады. Әсіресе, иммунды химия, тағам микробиологиясы және топырақты талдау бағыттарында теңдессіз бастамалар бар. Бірақ, оны өндіріске енгізу оңай болмай тұр екен.

«Тек қана бюджетке ғана сене бермеу керек. Жан-жақты жолдарды іздеу керек. Соның бірі – осы ғылыми жұмыстардың коммерциялау. Осыдан он жыл бұрын маған кейбір академиктер «Коммерциялау деп сен ғылыми зерттеу институттарын базар қылып жіберейін деп отырсың ба?» – деп  күлетін. деп.  Ал, шынында, жабдықтардың арқасында ақша табу өте өзекті мәселе», – дейді Президенттікке үміткер Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ.

Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында осындай жобаларды өндірісте кеңінен қолдануға ерекше басымдық берген. Бұған қоса, ғылыми жұмыстарды коммерциализациялауды күшейту керек дейді. Өйткені, экспортталатын тауарлардың сараптамасына ғана миллиондаған қаржы шетелге шашылады. Ал, егер осы зертханалар жұмысын жүйеленсе, қаржы Қазақстанда-ақ қалады дейді дейді кандидат.

Новости партнеров