Наурзбай ауданында арық тазалау жұмысы қалай жүргізіліп жатыр

07.02.2023 в 01:02

Синоптиктер күн жылиды дегелі алматылық құтқарушылар арық бойын тазалауға кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ауа-райының жылуына байланысты Наурызбай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы, әкімдік пен «Қазселденқорғау» қызметкерлерімен бірлесіп ауданда өзендер мен арықтардың бойын, қызыл су басу қаупін алдын алу мақсатында, мониторинг жұмыстары күнделікті жүріп жатыр. Қоршаған ортаны қорғау және жасыл экономика басқармасының статистикасы бойынша, 2022 жылы 6 қауіпті аймақ бар. Былтыр 4 аймақта 100 пайыз аяқталды. Қазір қалған 2 өзен мен арықта тазалау жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, күнделікті Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп, Қарғалы өзенін мұздан және қардан тазалау жұмысы жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады», – деді Наурызбай ауданы ТЖБ инженері Ербол Әнуарбеков.