Алматыда жекеменшік балабақша тегін бе

05.08.2022 21:10

Медеу ауданы әкімдігі жекеменшік балабақшалармен келісім жасады

Almaty.tv.

Бүгін Медеу ауданы әкімдігі жекеменшік балабақшалармен үшжақты келісім жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасындағы балалар мектепке дейінгі оқыту орталықтарына 1 жылға дейін тегін бара алады. «Балалар жылы» аясында әкімдік өкілдері мен кәсіпкерлер осындай келісімге келді.

«Енді менің жұмыс істеуге, денсаулығыма көңіл бөлуге уақытым бар. Бізге жағдай жасаған әкімдік өкілдері мен «Бақытты отбасы» орталығына алғысымыз шексіз», – деді көпбалалы ана Жалғас Саматырова.  

«Бүгінде 10 балабақша ұсынысымызды қолдады. Өзара жекеменшік балабақша- «Бақытты отбасы» орталығы- ата-ана келісіп, қол қойдық. Енді  олар 14 баланы  1 жылға тегін қабылдайды», – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.