Мақсат - жастарға есірткінің зиянын түсіндіру және онымен күресу
Алматының Жетісу ауданында есірткі жарнамаларына қарсы акция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv
Аудан әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға полиция қызметкерлері мен қала жастары да үлес қосты. Мақсат - жастарға есірткінің зиянын түсіндіру және онымен күресу. Айта кету керек, акцияға 150-ге жуық студент қатысты.
«Нарко стоп» жобасымен бірге бірлесіп, Жетісу ауданында полицияның өкілдері және жасөспірімдер, колледждің студенттері, мектептің жоғары сынып оқушылары бірлесіп, қазір есірткіге қарсы акция жасап жатырмыз», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Әлкебайұлы.