Тоқаевты ұлықтау рәсіміне дайындық қалай жүріп жатыр? (ВИДЕО)

12.06.2019 01:05

Рәсімге құрметті қарауыл ротасы да қатысады екен

Нұр-Сұлтандағы «Қазақ елі» алаңында сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміне басты дайындық өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

12 маусым күні сағат 10:30-да Тәуелсіздік сарайында Тоқаев ресми түрде мемлекет басшысы лауазымын иеленеді. Салтанатты рәсімге оркестр, әртүрлі бөлімдердің әскерилері қатысып, зеңбірек дүркіндері де болады.

Қауіпсіздік үшін алаңды металл қоршаумен қоршап қойған. Қаланың коммуналдық қызметі рәсім өтетін жерді тазартып жатыр.

Қазақстандықтар ұлықтау рәсімін мемлекеттік арналардың эфирінде тамашалай алады.