Той үстінде полицияны мазаққа айналдырғандар көпшіліктен кешірім сұрады

17.10.2020 01:06

Айыппұл арқалағанын айтып, ауру өршіп тұрған кезде той жасамауды өтінді

almaty.tv

Карантин кезінде той жасап қана қоймай, тексеруші топты мазаққа айналдыратындар да пайда болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Киіз үйде өтіп жатқан көңілді кешке полиция формасын киген ер адам кіріп, келушілердің көңілін көтерген. Алғашында тәртіп сақшысы ретінде сөйлеп, бұл жиынның заңсыз екенін айтады. Тіпті, той иелерін шақырып, заңбұзушылық екенін ескертеді. Кейін үстіндегі формасын шешіп, қонақтардың көңілді отыруын сұрайды.

Көп ұзамай қонақтардың зәресін алған асаба және карантин талаптарын бұзған той иесі көпшіліктен кешірім сұрады. Айыппұл арқалағанын айтып, ауру өршіп тұрған кезде той жасамауды өтінді.