Алматыда электр самокатын жүргізуді үйрететін арнайы мектеп ашылды

20.08.2022 01:09

Мақсаты – қалада қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету

Almaty.tv

Алматыда электр самокатын жүргізуді үйрететін арнайы мектеп ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұсқаушылар азаматтарға құрылғыны қауіпсіз пайдалану ережесін тегін үйретеді. Тұрғындарға жолда жүру ережелерімен қоса, электр самокатын дұрыс жүргізу және тұраққа қою әдісі түсіндіріледі. Нәтижесінде  арнайы сынақтан өткен пайдаланушылар жеңілдік бонусын алуға мүмкіндік беретін промокодқа ие болады. Сондай-ақ оларға жылдамдықты арттыруға да  мүмкіндік беріледі.

«Қазіргі уақытта біз әкімдікпен меморандум жасап, автомектеп ашамыз деп  ережелерді бекіттік. Қалада қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін біз пайдаланушыларды оқытамыз»,– деді самокаттарды жалға беру компаниясының өкілі Станислав Молчанов.