|
18.06.2021 | 20:09
4798

ҚХА төраға орынбасары Алматы облысының жастарымен және әлеуметтік белсенділерімен кездесті

Олар бірлік пен татулықты, келісімді нығайтуға және жастар ісін дамытуға бағытталған

ҚХА төраға орынбасары Алматы облысының жастарымен және әлеуметтік белсенділерімен кездесті Almaty.tv


Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзден астам іс-шара өткізді. Олар бірлік пен  татулықты, келісімді нығайтуға және жастар ісін дамытуға бағытталған. Жетісулықтардың алдағы жоспарымен Қазақстан халқы ассамблеясының төраға орынбасары іс-сапар барысында танысты, деп хабарлайды Almaty.tv

Ел болашағы  − жастардың қолында. Олар қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан, Марат Әзілханов алғашқы кездесуін жастармен өткізді. Басқосуға қатысушылар «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы жас ұрпақты қызықтыратын, шығармашылық жобаларды жүзеге асыратын орталыққа айналуы керек деген бастама көтерді. Одан бөлек белсенді жастар креативті идеяларымен бөлісіп, республикалық деңгейде квест ойындарын ұйымдастыруды ұсынды.

«Жастардың қатарымен Ассамблея жұмысын толықтырып жатырмыз. Жастардың қозғалысына, олардың проектілеріне мән берудеміз. Біз Сессияда жастар қозғалысымен бірге «Big seven» деген үлкен жоба меморандумға қол жеткіздік. Соны талқылап, жастардың креативті ұсыныстарын тыңдадық», деді  ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар мемлекеттік тілдің рөлін күшейту туралы өз ойларын ортаға салды.

«Тіл білу үшін түк керек жоқ. Керегі тек − ниет. Жүректен шығатын шынайы ниет болуы керек. Тілді сыйлау керек. Қазақша сөйлейік. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп айтамыз ғой. Ал, енді мен басқаша айтам. «Әр қазақстандық қазақстандықпен қазақша сөйлессін!». Сонда ғана нәтиже болады», − деді ҚХА жанындағы журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Атсалим Идигов.

Жиын соңында Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер мен «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысы алдағы уақытта облыстық, аудандық және қалалық жастар саясатының қатарына қосылатынын атап өтті.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир