Алматы әкімдігі білім беру нысандарын жекешелендіру мәселесіне байланысты ресми мәлімдеме жасады

2gis.kz
2gis.kz
Алматы қаласы әкімдігінің саясаты балаларды мектептен тыс тегін біліммен қамтуды одан әрі арттыруға бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2018 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жұмыс жоспарын орындау мақсатында жекелеген нысандарды жекешелендіру туралы шешім қабылданды.  Осы жоспарға сәйкес Алматы қаласы бойынша бәсекеге қабілетті ортаға 3 балалар музыкалық мектебін беру жоспарлаған болатын (№1 балалар музыкалық мектебі (хор), Прокофьев атындағы №3 балалар музыка мектебі және №11 балалар музыка мектебі). Бұл мәселе қоғамда әлеуметтік шиеленісті тудырғандықтан, Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірге бірге бұл мәселені талқылады, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Премьер-министріне балалар музыкалық мектептерін жекешелендірілетін нысандар тізімінен шығару туралы хат жолдады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 17 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары, оның ішінде Оқушылар сарайы, 7 аудандық Оқушылар үйлері, Өнер мектебі, 23 мыңнан астам баланы қамтыған 8 музыкалық мектеп бар.

Алматы қаласы әкімдігінің саясаты балаларды мектептен тыс тегін біліммен қамтуды одан әрі арттыруға бағытталған.  Осы мақсатта биыл қолданыстағы Оқушылар сарайын жаңарту жұмыстары жүргізілуде, Алатау және Наурызбай аудандарында екі Оқушылар сарайын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.  Сонымен қатар, барлық мектептен тыс ұйымдардың ғимараттарын жаңарту жоспарланған.

Новости партнеров