Қостанайда сібір жарасы анықталды

06.08.2024 01:10

Ауылдан шығатын аймаққа блокпост орнатылды

Almaty.tv

Қостанай облысындағы елдімекенде ірі қарадан сібір жарасы анықталып, карантин жарияланды, деп хабарлайды алматы тв.

Денисов ауданында бір шаруашылықтың өзінде 13 бас сиыр қырылған екен. Қазір өңірде эпизоотикалық жұмыстар қарқынды жүргізіліп, ауылдан шығатын жолдарға бөгеттер қойылды. Қауіпті жұқпалы ауру кесірінен бірнеше жыл бұрын да Приречноеда ірі қара қырылған.

Алайда ветеринарлар осы жылдың көктемінде малға вакцина салғандарын мәлімдеді. Мамандар олардың өліміне басқа ауру да себеп болуы мүмкін дейді.

- Патологиялық материал алынып, іріктелініп облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. 2024 жылдың 31 шілдесінде жоғарыда аталған материалдардың оң нәтижесі алынды. Соңғы 5 күннің ішінде өлім-жітім жануарлардың арасында тіркелген жоқ. Бұл жағдай облыстың және ауданның ветеринарлық қызметінің тұрақты бақылауында, - деді Облыстық ветеринария басқармасының бас маманы Аяз Даненов.

Оқи отырыңыз: Өскеменде автовокзал өртенді