Өңірде бұл салада 44 мыңнан аса нысан тіркелген
Кандидаттың өзі бастаған үгіт тобы кәсіпкерлермен кездесіп, өңірдегі бірқатар ірі кәсіпорындарды аралады. Дәния Еспаева осындай ірі кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау тетіктерін қайта қарау керек деген ойда.
Аймақта өндіріс орындарының түр-түрі бар. Өңір қазынасына қомақты кіріс түсіріп отырғандардың бірі – кабель зауыты. Былтыр аталған өндіріс орны 18 млрд теңгенің өнімін өндірген. Өндіріс ошағының тауар көлемін бұдан да ұлғайтуына қуаты жетеді. Тек оған бірқатар кедергілер бар.
«Меніңше, Қазақстанда өнім шығаратын кәсіпорындарға субсидия мәселесін шешу керек. Екінші мәселе бұлардың алып отырған шикізаты – Қазақстандікі. Бірақ оның бағасы Лондон биржасының бағасымен бірдей, қымбат. Қасымыздағы Ресейдің тап осындай мекеме өзінің Ресейден алатын шикізатын он пайызға төмен алады. Сондықтан осы мекеменің шығарған өнімі Ресеймен бәсекелес болмай тұр. Ресейдің нарығы жабық тұр. Ал, бізге бұл мәселені қалайда шешу керек», – деді Президенттікке үміткер ДӘНИЯ ЕСПАЕВА
Дәния Еспаева сондай-ақ павлодарлық орта және шағын бизнес иелерімен де кездесті. Өңірде бұл салада 44 мыңнан аса нысан тіркелген.