Қазақстан инженерлік әскерінің құрылғанына 30 жыл толды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ерлігімен көзге түскен жауынгерлер марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Қазақстан инженерлік әскерінің құрылғанына - 30 жыл. Соған орай Қонаев гарнизонында мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған жаңа казарма салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Инженерлік әскерлер 1993 жылы 21 қаңтарда республика аумағында орналасқан инженерлік құрамалар мен бөлімдер негізінде құрылды. Негізгі міндеті – бөгеттер салып, көпірлер орнату, мина алаңдарынан өту жолын төсеп, әскерлер үшін қозғалыс бағытын дайындау. Одан бөлек, жарылыс қаупі бар оқ-дәрілерді табу және залалсыздандыру.

«Бала кезімнен өзімнің арманым - офицер болу. Соған орай, инженерлік мамандығына оқуға түскім келген. Себебі біздің инженерлік әскерлер бейбіт өмірде ең қиын тапсырмаларды орындайды, – деді С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты Талғар Нұргелді.

Әскери қызметтің беделін арттыру - еліміз үшін басым бағыттардың бірі. Айтулы күнде ашылған казармада сарбаздарға арналған барлық жағдай қарастырылған.

«Құрметті ардагерлер, офицерлер, сержанттар мен мерзімді қызметтегі сарбаздар, төл мерекемен құттықтаймын! Денге саулық, отбасына амандық тілеймін! Әскери әлеуетті арттыруда қосар үлесіміз зор болсын!» – деді Инженерлік-саперлік бригада командирі Төлеген Назаров

Іс-шара соңында ерлігімен көзге түскен жауынгерлер марапатталды. Отан қорғаушылардың құрметіне жергілікті шығармашылық ұжым кеш ұйымдастырды. Айта кететіні, биылдан бастап әскерден оралған сарбаздар 40-тан астам университетте тегін оқи алады.

Оразай Нұртайұлы, Рустам Аралбай, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров