Ол келісімге қол қою үшін 5 миллион теңге пара алған
«Селдеқорғау Құрылыс» республикалық мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры ірі көлемде пара алып жатқан сәтінде ұсталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол ұлттық автокөлік жолының учаскесінде жердің іргетасын салу бойынша қызмет көрсету туралы келісімге қол қою үшін компания басшысынан 5 миллион теңге көлемінде пара алған. Күдікті Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалып, пара алу дерегі бойынша ұйым директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.