Мопед жүргізушісі автобусқа оқ атты

06.05.2023 01:13

Ведомство дерегінше, зардап шеккендер жоқ

elements.envato.com

Алматыда адамдар отырған №219 автобусқа мопед жүргізушісі оқ атты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жолаушылардың зәресін алған жайт бүгін таңғы сағат 10:00-де болған. Әлеуметтік желіде тараған мына видеода қоғамдық көліктің алдыңғы есігінің әйнегі сынғаны анық көрінеді. Оқ атқан адам автобус жүргізушісіне «мені қыстың» деп қасарысқан дейді. Оқиғаның жанжалдан басталғанын полиция департаменті де растады. Ведомство дерегінше, зардап шеккендер жоқ.

– Мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көліктің әйнегіне атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Мопедистің жеке басы анықталды, оны қамауға алу іс-шарасы жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тергеу амалдарын Түрксіб аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде жүргізіліп отыр, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.