А. Таспиховтың штабында өндірістік кеңес құрудың мән жайын талқыланды

А. Таспиховтың штабында өндірістік кеңес құрудың мән жайын талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әрбір кәсіпорын мен мекемелердегі салалық кәсіподақ ұйымдары жанынан өндірістік кеңестер құрылуы тиіс. Бұл жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы жауапкершілігін арттырады. Бір жағынан өндірісте болатын жазатайым жағдайларың азаюына септігін тигізеді. Себебі Қазақстанда жыл сайын мың жарым адам жұмыста жарақат алса, 200 жуық адам қаза табады. Сондықтан Ел Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың республикалық қоғамдық штабында салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері өндірістік кеңес құрудың мән жайын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Барлық кәсіподақ ұйымдары жанында техникалық инспекторлар бекітілген. Сондай-ақ өндірістік кеңестер жүргізіп олар жоспарларына сәйкес рейдттер жүргізіп отырады», – дейді Атырау облыстық Ғылым-білім саласы кәсіподақ ұйымының төрағасы  Қылшыбай СҮНДЕТҰЛЫ.

Бүгінге дейін еліміз бойынша 13 мыңға жуық  өндірістік кеңестер құрылған. Олардың басым бөлігі бюджеттік мекемелерде жұмыс істейді. Ал өндірістік және коммуналдық мекемелерде енді қолға алын бастаған. Ол кеңестер жұмысшылардың құқын қорғап, әлеуметтік жағдайларының жақсаруына мүмкіндік береді.

«Бізге кәсіподақ баспана алуға көмектеседі. Өйткені біздің автопарктерге жүргізушілер әр өңірден келеді. Тек баспана ғана емес, мектепке дейінгі мекемелерге балаларын орналастыруға да ықпал етеді. Бұл тұрғыда кәсіподақтан қолдау тауып келеміз», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы автопаркі салалық кәсіподақ ұймының төрағасы Биахмет БІЛӘЛОВ.  

Еңбек қауіпсіздігі – нәтижелі жұмыстың кепілі. Сондықтан ел Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов сайлаушылармен кездесуде негізінен салалық кәсіподақ ұйымдарының қызметі жайлы көбірек  ақпараттандырады.

Новости партнеров