Алматы тауында қарды жасанды жолмен түсіру жұмыстары жүргізілді
Алматы тауларында қарды жасанды жолмен түсіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қолдан қар көшкінін жасауға ақ ұлпаның қалың жаууы себеп болған. Оның үстіне күннің күрт жылуына байланысты көшкін жүру қаупі қызыл деңгейге дейін көтеріліпті. Есте болса, жуырда ғана Шымбұлақ таулы курортының жоғары беткейінде 800 текше метрге жуық қар көшкіні жүргені белгілі болған еді. Қалың қар «Шымбұлақ-Тұйық су» жолын жауып қалған болатын. Қазір Шымбұлақ пен Үлкен Алматы көліне баратын жолдар жабық. Көшкін жүру қаупі әлі де сақталады. Сондықтан құтқарушылар біраз уақыт тауға шығудан бас тартуға кеңес береді.
«Шымбұлақ» таулы курорты аумағында, Кіші Алматы өзенінің бассейнінде қар массасын профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 500 текше метрден аса қар алынды. Демалушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді», – деді ТЖД Төтенше жағдайларды алдын ала ескерту басқармасының инженері Әмір Төлебаев.