Астаналық Бауыржан Қамалиев 30 тонналық әуе көлігін орнынан қозғап, рекорд жаңартты

20.06.2024 01:48

Журналистер авиабазаның әлеуетімен танысып, әскери қалашықты аралады

Almaty.tv

Астаналық Бауыржан Қамалиев 30 тонналық әуе көлігін орнынан қозғап, рекорд жаңартты. Бұл – әлемдік деңгейдегі бесінші жеңісі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол МИ-17 ұшағын орнынан жылжытты. Күштік экстриммен айналысатын ІІМ қызметкері әскери техниканы 10 метрге дейін сүйреп шығарады. Бұған дейін оның локомотив тарту бойынша әлемдік рекорд орнатқаны белгілі. Ауыр атлеттің айтуынша, мұндай нәтижеге қол жеткізу үнемі дайындықты талап етеді. 

– "Не бел кетеді, не белбеу кетеді" деген. Қиын, әрине. Пендеміз ғой, қолымнан келгенше тарттым, – деді ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Қамалиев.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында өткен іс-шараға БАҚ өкілдері арнайы шақыртылды. Айтулы мерекеге орай ІІМ төртінші билік өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды. Тілшілік тіршілікте жүрген сала мамандары Ұлттық ұланның авиация базасында болып, әуе көліктерінің қызметімен танысты. Жаңадан ашылған нысан Астана халықаралық әуежайына іргелес орналасқан. Кешен 33 мың гектар аумақты алып жатыр. Журналистер авиабазаның әлеуетімен танысып, әскери қалашықты аралап шықты.

– Басты қызметі – орта және алыс қашықтықтағы қалаларға ұшақпен жүк тасымалдау. Су тасқыны болғанда, әлеуметтік көмек көрсеттік. Құтқару жұмысына атсалыстық, – деді 3656 әскери бөлімінің аға технигі Әлібек Малғаждаров.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда құтқарушылардың 90 пайызы пәтерге мұқтаж