Түркістан қаласында Президенттікке үміткер Сәдібек Түгелді қолдауға арналған автошеру өтті

Түркістан қаласында Президенттікке үміткер Сәдібек Түгелді қолдауға арналған автошеру өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шараны үміткердің сайлауалды штабы ұйымдастырған. Түгелдің сенімді өкілдері әуелі бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі қасиет тұтатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында насихат жұмыстарын жүргізіп, халықты үміткердің бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сәдібек Түгелдің сайлауалды тұғырнамасында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұлы дала мәдениетін жаңғыртуға басымдық берілген. Ал, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгендігі белгілі. Ғаламшардың сегізінші кереметі саналады. Тап осы киелі жерден басталған автошеру көне Отырардағы Арыстан баб кесенесіне дейін жалғасты. Жол жөнекей жұртшылыққа үгіт-насихат парақтары таратылды. Сәдібек Түгелдің сайлауалды тұғырнамасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуге, шетелдерде тұратын қандастарымыздың атамекеніне оралуына жағдай жасауға баса назар аударылған. Сайлауалды штабтың мақсаты – кандидаттың ұстанымын көпшілікке жеткізу.

«Бұл кісі – Қазақстанның нағыз жанашыры. Қазақтың дәстүрін, тілін, салтын және де ұлттық спорттарын көркейтіп, дамытып жүрген кісі. Қазіргі кезде бізге керегі ұлтық спортымызды кеңінен насихаттау және дамытып жүр», – деді  ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сенімді өкілі Әзиз ӘНЕТОВ.

Новости партнеров