Алматыда ұлт жанашырларын марапаттады

19.04.2022 01:16

Салтанатты рәсім «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды

Almaty.tv

Алматыда AMANAT партиясы «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» қауымдастығымен және «Кәусар» балалар орталығымен бірлесіп, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлт жанашырларын марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 

Жиынға қатысушыларға Бауыржан Момышұлы атындағы төсбелгі мен «Батыр шапағаты» медальдары табысталды. Салтанатты рәсім «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылды.

«Аға буынның біздің ұлттың рухын халықтар достығына бағыттайтын әрекетін үйрену керекпіз. Бүгінгі іс-шара Алматы қаласындағы жас сарбаздарға, жасөспірімдерге үлгі боларды», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.