Аманкелді Таспихов Атырау облысындағы сайлаушылармен кездесті

01.06.2019 01:16

Атырау облысындағы кәсіподақ ұйымының 70 процентін бюджеттік сала қызметкерлері құрайды. Ендігі міндет – олардың әлеуметтік жағдайын әлдендіріп еңбегіне сай лайықты жалақы төлеу. Бұл мәселенің оң жолға қойылып, нәтижелі шешілуіне   әрбір мекемедегі кәсіподақтың бастауыш ұйымы міндетті. Ел Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов Атырау облысындағы сайлаушылармен кездесуде кәсіподақтың  қызметі мен еңбек адамының құқы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қойнауы газ бен мұнайға толы  өңірде тек өндіріс қана емес басқа сала да қалыпты дамып келеді. Дегенмен бірқатар мәселе бар.

«Әлеуметтік қолдау мақсатын жұмыс жасау керек әлі де.  Әр қызметкер еткен еңбектеріне лайықты еңбекақы алуы керек.  Ол үшін салалық келесім-шарттарға өзгерістер енгізу шарт», – деді Салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Майра ҚАШКЕНОВА.

«Бұл жұмыстар – өте кәсіптік мамандықты талап ететін мәселе. Екінің бірі мұндай жұмысты істей алмайды. Сондай қажетті мамандар үшін дұрыс жалақы төлемеу – әрине, әділетсіздік» – деді ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді ТАСПИХОВ.