Бақытжан Сағынтаев тұрғындарды жеке қабылдады

10.10.2019 01:16

Басым бөлігі баспананы кезектен тыс алуды қалайды

Алматы әкімі халыққа тағы біртабан жақындай түсті. Бүгін қала басшысы Бақытжан Сағынтаев тұрғындарды жеке қабылдады. Шаһар әкімі алдына дүйім ел түрлі өтінішпен келген. Басым бөлігі баспананы кезектен тыс алуды қалайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дегенмен, Алматы әкімі үй алу кезегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жылжитынын айтты. Биыл 1020 пәтер пайдалануға беріледі. Ол туралы ақпарат қосымша хабарланады деді қала басшысы. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған аналар да мәселесін айта келген. Олар бөбектеріне ыңғайлы орта, емдеу орталықтары және дәрі-дәрмек жайын көтерді. Ол бойынша нақты жоспар қарастырылып, шешім қабылданады. Қабылдауға келген халықтың бір бөлігі заң тұрғысында көмек алады. Даулы мәселелерді шешуге арнайы комиссия құрылмақ.