Ардагердің әрқайсысына 130 мың теңгеден табысталды
Қарт майдангерлерге қаладағы жарыққа жауапты компания жалпы сомасы 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сый қарастырған. Бүгін қонаққа шақырылған 25-тен астам ардагердің әрқайсысына 130 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері мерекелік дастархан жайып, шағын концерт қойып берді. Жеңістің әнін шырқаған ардагерлер мерекені тойлау бір күнмен шектелмесе екен деген игі тілектерін айтты.
«Жеңіс күні – ұлы мереке. Біз оны жыл сайын күтіп отырамыз. Өзім 1945 жылы әскерден келдім. Соғыста 40 жылдың орта кезінен бастап, соғыстың аяғына дейін болып, Калинин облысын Белоруссияны, Латвия, Литва, Польшаны жаудан азат еттік», – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар СӘРСЕН.
«Жеңіс күніне байланысты бүгін Ұлы Отан соғысының ардагерлерін шақырып отырмыз. Компаниямыздың атынан осындай үлкен дастархан жайып, басымызды иіп, жүректен шыққан сөздерді айтып отырмыз. Себебі бүгін біз сол кісілердің арқасында бейбіт өмір сүрудеміз», – дейді «Алатау жарық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхит ҮМБЕТОВ.