Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді
Қазақстанға геосаяси жағдайға байланысты 2 мыңнан аса этникалық қазақ Ресейден көшіп келген. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпарына сай пайыздық мөлшермен есептегенде бұл өткен жылдарға қарағанда бірнеше есе жоғары, деп хабарлайды Almaty.tv.
37 жастағы Ермек Жақыпбаев Қазақстанға Ресейдің Орынбор облысынан көшіп келіпті. Ата-анасы, өзі, әпкесі мен қарындасы, тіпті балаларына дейін көрші елде туған екен. Тарихи отанына оралу жастайынан мақсаты болған. Алғашында Алматы мен Ақтөбе қалаларында тұрып көріпті. Климаты жақпаған соң Астананы таңдаған екен. Енді Қазақстанда қалып, қыздарын тәрбиелемекші.