Сабақ барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 2023 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті
Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2023 жылғы жаңа оқу кезеңі басталды. Бұл туралы 5571 әскери бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы елдің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жоғарғы жауынгерлік әзірлікті ұстау жаңа оқу жылында әскери қызметшілермен өткізілген алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағының басты тақырыбына айналды.
Қолбасшылық басқармасының офицерлерімен, сондай-ақ қолбасшылыққа бағынышты әскери бөлімдердің әскери қызметшілерімен және сарбаздармен алғашқы тәрбиелік сабақты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары герерал-майор Жандос Омарқұлов жүргізді. Сабақ барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 2023 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде іске асып жатқан ауқымды жобалармен қатар, мемлекетіміздің өткен 2022 жылғы жеткен жетістіктерін, оның ішінде ел Тәуелсіздігінің маңыздылығына ерекше тоқталып өтті:
"2022 жылы біз ұлы құндылығымыз – Республика және Тәуелсіздік күндерін атап өттік. Егеменді ел деп танылған сәттен бастап Қазақстан бүкіл әлемде маңызы бар ел ретінде танылып, өзінің мемлекеттік статусын қорғап келеді. Биылғы жылдан бастап 25 қазан Республика күні ретінде атаулы даталардың біріне айналып, мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды. Еліміз үшін маңызды қадам жасалған сәт тарих қойнауында қалып қоймай, қазақстандықтар үшін құрмет тұтатын мемлекеттік тұрғыда маңызы бар мерекеге болып қала бермек", - деді Жандос Қастелбекұлы және Ұлттық ұлан әскерінің еліміздің өркендеуі, һәм тыныштығы жолындағы қосқан үлесін де назардан тыс қалдырмады.
Алғашқы тәрбиелік сағаттан кейін саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша сабақтарға тарасты.
Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұландықтардың алдында көптеген атқарылар жауапты міндеттер тұр.