|
14.02.2020 | 20:19
3966

Шамалған апаты: екі баласы мен өзі зардап шеккен келіншек кінәлі тараптан 40 миллион теңге өтемақы талап етті

Егер Досбатыр Ахметжанов кінәлі деп табылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Шамалған апаты: екі баласы мен өзі зардап шеккен келіншек кінәлі тараптан 40 миллион теңге өтемақы талап етті Almaty.tv

40 миллион теңге моральдік өтемақы. Шамалған стансасында болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты басталған сот отырысында зардап шегуші Эльмира Жәнібекова кінәлілерден осындай мөлшерде шығынды өтеп беруін талап етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушылар 60 жастағы Досбатыр Ахметжановқа темір жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережесін бұзып, адам өлімімен аяқталған  апаттың болуына себепші деген айып тағып отыр. Ал, айыпталушының қорғаушысы бұл еш шындыққа жанаспайтынын айтуда.

Бүгінгі таңнан басталған сот отырысы кешке дейін созылды. Тыңдалымға жәбірленушілер, куәгерлер, сондай-ақ сарапшылармен қатар поезд жүргізушісі де қатысты. Апат салдарынан екі бүлдіршінімен бірге зардап шеккен Эльмира Жәнібекова сол күнгі болған оқиғаны баяндап еріксіз көзіне жас алды.  

«Екі баланы жүргізушінің артындағы орындыққа отырғызып үлгергенім сол, автобусты поезд келіп соқты», - деді  жәбірленуші Эльмира ЖӘНІБЕКОВА.

Эльмираның және оның кәмелетке толмаған екі баласының қорғаушысы моральдік өтемақы ретінде «Қаскелең авто паркі» мен «Қазақстан темір жолынан» 20 миллионнан 40 миллион теңге талап етіп отыр. Сондай-ақ, Шыныбекова Анар судьядан сотқа жәбірленуші ретінде қатысып отырған автобус паркін де жауапкершілікке тартуды сұрады.

«Қайтыс болған жүргізуішінің және «СЕТРА» маркалы автобусының, яғни  жоғары қауіптілік көзінің болғанына қарамастан жәбірленуші болып танылып отыр. Қаскелең авто паркінің жұмыскері автобус жұмыскері Сорокубоваға қатысты іс ақтамайтын негіздер бойынша қысқартылғанын және автобус паркінің жұмыс берушісі онымен қоса қауіптілік көзінің иесі болғандықтан "Қаскелең иавтобус паркі» осы іс бойынша азаматтық жауапкер болуы тиіс деп ойлаймын», - деді Э.Жәнібекованың қорғаушысы Анар ШЫНЫБЕКОВА.

Ал айыпталушының адвокаты тергеу қорытындысымен мүлдем келіспейтінін жеткізді. Ол өмірінің жартысын темір жол өткелінде өткізген Досбатыр Ахметжановтың еш кінәсі жоғына сенімді. Сондықтан іске қатысты сараптамаларды «қайта жүргізу керек» деп отыр. Өзі де тәуелсіз сарапшылар арқылы жұмыс жүргізіп, нәтижесін сотқа алып келетінін мәлімдеді.

«М.Тынышбаев атындағы Қазақ Коммуникация академиясының ғалымдары бар жасаған. Ректордың өзі қол қойған. Сол жерде Ахметжановтың әрекеті дұрыс, заңға сай келеді.  Қазақстан темір жолының бұйырықтарын бұзбаған деп отыр. Тап-таза ақтап отыр. Колесников пен Солоненкоға көрсетпей, басқа қағазды беріп отыр. Анау электронды нұсқа, Солоненко «мен оны көһрген жоқпын» дейді. Бұл орысша айтқанда «искать не причину, а крайного человека. Где закон, где справедливость?», - деді айыпталушының қорғаушысы Шәмиян ЖАЙЫЛХАНОВ.

Шамалған бекетіндегі апатқа қатысты істе 80-нен аса куәгер бар. Олар алдымен судьяға көрген-білгенін айтып береді. Сонымен қатар оқиғаға қатысы бар деген азаматтар да сот алдында жауап бермек. Егер Досбатыр Ахметжановтың кінәлі деп табылса 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қуан Нұрақын, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир