Облыстық әкімдіктің мәліметінше, адамдарға шұғыл көмек уақтылы көрсетіліп жатыр
Бүгін сағат 18:00-де Екібастұзда № 52 орталық жылу пунктінің жылу желілеріндегі зақымдануды жою және жапқышты ауыстыру үшін жылу желілерінің магистралі ажыратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Екібастұз қаласындағы апаттық жағдайды жою бойынша жедел штабтың мәліметінше, 30 қарашада сағат 18:00-дегі жағдай бойынша жылу тасымалдағышты жіберу температурасы 93º С (қалыпты жағдайда – 84º С), кері қайтару – 60º С (қалыпты жағдайда -56º С); сыртқы ауа температурасы-19 º С. 17 көппәтерлі тұрғын үй, екі әлеуметтік нысан және бір әкімшілік ғимарат жылудан ажыратылса, 32 көппәтерлі тұрғын үй және 72 жеке тұрғын үй №52 орталық жылу пунктіне (ОЖП-52) қосылған», - деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Екібастұз ЖЭО-да алты қазандық агрегаты (№ 6,8,9,12,14,15) жұмыс істеп тұр, тағы төрт қазандық агрегаты (№ 5,7,11,13) резервте. Желілік сумен жабдықтау сағатына 1200 тоннадан 750 тоннаға дейін төмендеді (қалыпты жағдайда – сағатына 400 тонна). «30 қарашада сағат 18:00-де ОЖП-52 жылу желілеріндегі зақымдануды жою және жапқыштыауыстыру үшін жылу желілерінің магистралі ажыратылды. 149 көпқабатты үй мен 114 жеке үй жылумен жабдықтаудан ажыратылды», - деп толықтырды әкімдік. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына 256 адам және 43 техника жұмылдырылды. Жөндеу бригадалары тәулік бойы жұмыс ұйымдастырылды.
27 қарашадан бастап Екібастұздың білім беру нысандары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, адамдарға шұғыл көмек уақтылы көрсетіліп жатыр.
«Емдеу мекемелеріндегі температуралық режим санитарлық нормаларға сәйкес 18-24ºС шегінде сақталады. Екібастұз қалалық ауруханасында 255 пациент (оның 75-і – бала), оның ішінде перзентханада – 65 пациент (оның ішінде 28 бала) жатыр. Қала тұрғындары үшін 14 жылыту пункті ашылды», - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Дереккөз:ҚазАқпарат